jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада тағы бір автобус жол апатына түсті: екі адам зардап шекті (видео)

    автобус
    Астана көшесінде тұрған автобус. Көрнекі фото: instagram.com/cts_kz

    Астанада бейсенбі, 12 маусымда жолаушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға орнында түсірілген видео Instagram желісіндегі astananews_kz парақшасында жарияланды.

    Жазбада жол апатынан екі адамның зардап шеккені айтылған.

    Астана полиция департаментінің өкілдері NUR.KZ тілшісіне түсінік берді.

    Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota көлігінің жүргізушісі Республика даңғылының бойымен оңға бұрылып жатып, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, Iveco автобусымен соқтығысқан.

    "Оқиға салдарынан автобустың екі жолаушысы дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберілді. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полиция департаментіндегілер.

    Ведомстводағылар апатқа автобус жүргізушісінің кінәсі жоқ екенін айтты.

    Астанада тағы бір автобус жол апатына түсті: екі адам зардап шекті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.