jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті

    Әсет Масабаев
    Әсет Масабаев. Фото: Фото: gov.kz

    Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына түсті. Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс тіркелген, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Төңкеріс-Байсерке автожолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

    Осы орайда полиция өкілдері жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе қала сыртындағы жолдарда және қараңғы уақытта аса мұқият болуға шақырады.

    Сондай-ақ NUR.KZ тілшісі де Әсет Масабаевтың жағдайы туралы ақпарат алу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен әкімдікке жүгінді.

    Айта кетейік, Әсет Масабаев биыл 23 қаңтарда Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған еді.

    Бұдан бөлек ол Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, Жетісу облысы Талдықорған қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

    Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.