Ақмола облысының аумағында жеке ұшақ құлады
Опубликовано:
Ақмола облысының аумағында ұшақ апаты болды. Арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына оқыс оқиғаларды тергеу бойынша департамент қызметкерлерді шықты, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның хабарлауынша, 17 тамызда Жалпы мақсаттағы авиация желісі бойынша ұшуды орындау кезінде Aerostar R40F UP-LA229 жеңілмоторлы кемесінің әуе оқиғасы орын алды.
Авиациялық оқиғаларды тергеу ережелеріне сәйкес, арнайы комиссия құрылды.
Көлік министрлігіне қарасты Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері апат орнында жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі уақытта апаттың себебі анықталуда.
Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында оқыс оқиғадан жеке ұшақтың иесі мен оның қасындағы әйел қайтыс болғанын хабарлады. Бұл ақпаратты оған желідегі оқырмандары жеткізген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2276154-aqmola-oblysynyng-aumagynda-zheke-ushaq-qulady/