jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Үржар ауданында жол-көлік оқиғасынан қаза болған үш бала жер қойнына тапсырылды

    Жаназасы
    Балаларды туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Видеодан кадр: Жетінші арна

    Абай облысы Үржар ауданындағы жол апатынан қаза болған үш баланы туғандары ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Жетінші арна.

    Телеарна тілшісінің хабарлауынша, бір үйдің екі қызын Жарма ауданының Жалғызтөбе ауылында жер қойына тапсырса, екі жарым жастағы ұл баланы Елтай ауылында жерледі.

    Қаралы жиынға туған-туыс, ауылдастары және әкімдік өкілдері қатысты. Бірақ дәл осы сәтте анасы кенжесімен қоштаса алмады. Оқыс оқиғадан аман қалған екі баласының қасында – Астанада болды. Олардың жағдайы қалыпты деп бағалағанымен, жансақтау бөлімінде жатыр.

    Ал туған сіңілілерінен айырылған тағы бір тоғыз жастағы бала аудандық ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы әзірге еш өзгеріссіз екенін айтуда.

    "Бас миына трепанация отасы жасалды. Қазіргі кезде жағдайы тұрақты ауыр. Әлі ешқандай өзгеріс жоқ. Бірқалыпты. Жасанды тыныс алу аппаратында. Қазіргі кезде күтуден басқа амал жоқ. Ешқандай болжам айта алмаймыз", - деді телеарна тілшісіне аудандық аурухана басшысының орынбасары Мадина Ноғайбаева.

    Ал күдікті қамауда. Оның ұлы әкесінің денсаулығы нашар екенін айтады.

    "Мен әкемді әлі көрген жоқпын. Денсаулығы нашар, бірақ қамауда. Адам танымайды. Өйткені жүрек талмасы ұстаған. Оқыс жағдай қас-қағым сәтте болған. Өте қайғылы жағдай болып жатыр. Көңіл айттық, олардан кешірім сұраймыз", - деді көлік жүргізушісінің ұлы.

    Еске сала кетейік, 19 шілдеде Абай облысында жол-көлік оқиғасынан үш бала көз жұмып, тағы үшеуі түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Сол күні түнде президенттің тапсырмасы бойынша оқиға орнына бортында дәрігерлер бар Қорғаныс министрлігінің ұшағы жіберілді.

    Полицияның мәліметінше, алдын ала деректерге сәйкес, оқыс оқиға 19 тамызда сағат 16:00 шамасында Абай облысының Үржар ауданы Бестерек ауылында болған. Toyota автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үй қақпасының жанында тұрған балаларды қаққан.

    Кейінірек Денсаулық сақтау министрлігі жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балалардың қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді.

    Ведомство мәліметіне сүйенсек, зардап шеккен балалардың біреуінің жағдайы өте ауыр, қалған екеуінің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.

    Балаларға бассүйек-ми жарақаттары, тірек-қимыл аппараты мен ішкі ағзалардың жарақаттары диагнозы қойылған.

    Облыс әкімдігінің мәліметінше, зардап шеккендер – екі отбасының балалары. Көз жұмған үш баланың екеуі Жарма ауданының Жаңғызтөбе ауылынан ата-әжелеріне қонаққа келген, біреуі Үржар ауданының тұрғыны. Жарақат алған үш баланың екеуі Үржар ауданынан, біреуі Жарма ауданынан екені белгілі болды.

    20 тамызда жол апатынан зардап шеккен екі бала Астанаға арнайы санитарлық авиация бортымен жеткізілді.

    Үржар ауданында жол-көлік оқиғасынан қаза болған үш бала жер қойнына тапсырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.