jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты

    Терезесі шытынаған көлік
    Жол апаты. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам көз жұмып, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Полицияның мәліметінше, 23 қазанда Самара – Шымкент автожолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен "ГАЗель" жолаушылар көлігі соқтығысқан.

    Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

    Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен "ГАЗель" автокөлігінің 10 жолаушысы қаза тапқан, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілген.

    "Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Анықталғандай, "ГАЗель" жолаушылар көлігі ресми түрде Т.Жүргенов ауылынан облыс орталығына жолаушылар тасымалдаумен айналысқан", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

    Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram