jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтөбе облысындағы ірі жол апаты: аман қалған адамдардың жағдайы белгілі болды

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/ztz_04_aktobe

    Ақтөбе облысында 12 адам қаза тапқан ірі жол апатынан аман қалған жандардың жағдайы белгілі болды. Бұл туралы облыстық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның мәліметінше, медициналық мекемеге жеткізілген бес адамның үшеуінің жағдайы – ауыр, екеуінің жағдайы – орташа. Бір адам ауруханаға жатудан бас тартқан.

    Жарақат алғандар Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілген.

    Облыс әкімі Асхат Шахаров жол-көлік оқиғасы болған орынға шыққан.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 23 қазанда Самара – Шымкент автожолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен "ГАЗель" жолаушылар көлігі соқтығысып, салдарынан 12 адам қаза тапты.

    Жол апатынан зардап шеккен тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілген.

    Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

    Ақтөбе облысындағы ірі жол апаты: аман қалған адамдардың жағдайы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.