jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ІІМ Ақтөбе облысында 12 адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасын тергеу үшін арнайы топ жіберді

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысында 12 адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасын тергеу үшін арнайы топ жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

    Оқиғаның мән-жайын анықтау және тергеу жүргізу үшін өңірге ІІМ орталық аппаратынан арнайы топ әуе бортымен жөнелтілген.

    "Ішкі істер министрі тергеу барысын жеке бақылауға алды. Министрдің тапсырмасы бойынша жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына жан-жақты көмек көрсетіледі, соның ішінде мәйіттерді тасымалдау және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға да қолдау көрсетіледі.

    Жедел тергеу жүргізу және барлық қажетті рәсімді орындау үшін тиісті шаралар қабылданады", - деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 23 қазанда Самара – Шымкент автожолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен "ГАЗель" жолаушылар көлігі соқтығысып, салдарынан 12 адам қаза тапты.

    Жол апатынан зардап шеккен тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді. Кейінірек олардың жағдайы белгілі болды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

    Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

    ІІМ Ақтөбе облысында 12 адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасын тергеу үшін арнайы топ жіберді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.