12 адам қаза тапты: Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болған жерден видео жарияланды
Опубликовано:
Читать на русском
Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысында 12 адамның өмірін қиған жол апаты болған жерден видео тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға орнына видео Instagram желісіндегі ztz_04_aktobe паблигінде жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 23 қазанда Самара – Шымкент автожолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен "ГАЗель" жолаушылар көлігі соқтығысып, салдарынан 12 адам қаза тапты.
Жол апатынан зардап шеккен тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді. Кейінірек олардың жағдайы белгілі болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау және тергеу жүргізу үшін өңірге ІІМ орталық аппаратынан арнайы топ жіберілді. Тергеу барысын ішкі істер министрі жеке бақылауына алды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2300639-12-adam-qaza-tapty-aqtobe-oblysynda-zhanturshigerlik-zhol-apaty-bolgan-zherden-video-zhariialandy/