jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам қаза тапты

    Оқиға болған жер
    Оқиға орнынан кадр: mgorod.kz

    Батыс Қазақстан облысында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan көліктері бетпе-бет соқтығысып, салдарынан сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город"-қа сілтеме жасап.

    Батыс Қазақстан облысы ПД өкілдері 17 қарашада Чапай – Жаңақала – Сайқын аудандық тас жолының 50-ші шақырымында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan көліктері соқтығысып, кейін көліктердің бірі өртенгенін мәлім етті.

    Жол апаты салдарынан сегіз адам оқиға орнында көз жұмды, тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Жүргізушілердің бірі қарсы жолаққа шығып кетті деген болжам бойынша алдын ала тергеу жүріп жатыр.

    "Ауа-райы мен жол жағдайы қанағаттанарлық болды – жолдың көрінуі жақсы, көлік қозғалысына ешқандай сыртқы кедергі болған жоқ. Оқиға орнында полицейлер, жедел-тергеу тобы, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Тергеу аясында жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы мұқият тексеріліп, анықталады.

    Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Кез келген ереже бұзушылық жолаушы тасымалдау кезінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді", - деп атап өтті департаменттегілер.

    Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.