jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда аялдамада автобустар соқтығысты

    Автобус салоны
    Автобус салоны. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Әлеуметтік желіде Алматыда автобустың жол апатына ұшырағаны туралы ақпарат тарады. Полиция өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат Telegram-дағы Almaty Today арнасында жарияланды. Авторлардың жазуынша, Алматыда автбоус жол апатына ұшыраған. Сондай-ақ жазба сипаттамасында оқиға орнында түсірілген фото қоса берілген.

    NUR.KZ тілшісі жол-көлік оқиғасына қатысты мән-жайды білу үшін Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.

    "Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатқан №69-автобустың жүргізушісі Назарбаев даңғылының шығыс жағындағы аялдамада тұрған №208-бағыттағы автобуспен соқтығысқан.

    Салдарынан №69-бағыттағы автобустың жүргізушісі мен жолаушысы медициналық көмекке жүгінген. Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр", - деп хабарлады полициядан.

    Алматыда аялдамада автобустар соқтығысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram