jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда ірі жол апаты болып, бірнеше адам ауруханаға жеткізілді (видео)

    Жол апаты
    Жол апаты. Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

    Алматыда Жетісу ауданында төрт көліктің қатысуымен ірі жол апаты орын алып, салдарынан бірнеше адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Kris_p_almaty_official Telegram-каналында Рысқұлов пен Суйінбай көшелерінің қиылысындағы көпірде ірі жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарланды.

    Алматы полиция департаментінің өкілдері жол апатына қатысты пікір білдіріп, оның мән-жайын айтты. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы бүгін түнде сағат 00:25-те Жетісу ауданында болған.

    "Haval көлігінің жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен келе жатып, рульді басқара алмай сол жақ жолақпен келе жатқан Chery маркалы автокөлікпен соқтығысып қалды. Нәтижесінде Haval жолдың қарсы жолағына шығып, тағы Audi мен Hongqi көліктерімен соқтығысты. Олар батыс бағытта жүріп келе жатқан.

    Жол апаты салдарынан Haval жүргізушісі ауыр жағдайда жақын маңдағы ауруханаға, Audi автокөлігінің жүргізушісі мен Hongqi жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді", - деді полицейлер.

    Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

    Алматыда ірі жол апаты болып, бірнеше адам ауруханаға жеткізілді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.