jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтөбе облысында шетелдіктер мінген автобус аударылып, бес адам қаза тапты

    Жол апаты болған жер
    Оқиға орны. Видеодан кадр: Ақтөбе облыстық ДП

    Ақтөбе облысындағы тасжолда салонында Өзбекстанның 49 азаматы болған автобус аударылып, салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 7 желтоқсанда таңғы 8:40 шамасында "Самара-Шымкент" республикалық маңызы бар автожолдың 1024-шақырымында болған.

    Алдын ала мәлімет бойынша, Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай бағыт алған автобус жүргізушісі Әйтекеби ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында аударылып қалған.

    Автобус салонында Пермь-Ташкент бағытында жолға шыққан Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған.

    Жол апаты салдарынан бес жолаушы оқиға орнында көз жұмған, 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілген.

    Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

    Ақтөбе облысында шетелдіктер мінген автобус аударылып, бес адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.