Үндістандық студенттер көз жұмған жол апаты: тағы бір адам ауруханада жан тапсырды
Опубликовано:
Читать на русском
Алматы - Бішкек тас жолында болған жол апатының салдарынан тағы бір үндістандық студент көз жұмды. Жалпы апат үш адамның өмірін қиды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстандағы Үндістан елшілігіне сілтеме жасап.
Бүгін, 9 қаңтарда, Қазақстандағы Үндістан елшілігінің Instagram желісіндегі парақшасында тағы бір Үндістан азаматының көз жұмғаны хабарланды.
"Рахул Ядавтың (2001 жылдың 13 наурызында туған) қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз, ол 2026 жылдың 6 қаңтарынан бері жол апаты салдарынан жансақтау бөлімінде жатқан еді, бүгін таңертең қайтыс болды. Оның денесін отанына жеткізу бойынша шаралар қабылданып жатыр", - делінген жазбада.
Елшілік өкілдері сол жол апатынан көз жұмған тағы екі үндістандық студент Каран Пармар мен Риширадж Байраттың денелері бүгін Үндістанға жіберілгенін хабарлады.
Еске сала кетейік, 8 қаңтарда Алматы облысында үндістандық екі студент жол апатынан көз жұмғанын хабарлаған едік.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі рульді игере алмай, көлік аударылып кеткен.
Апат салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Кейінірек екі жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды, ал тағы үшеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2329757-undistandyq-studentter-qaza-bolgan-zhol-apaty-tagy-bir-adam-auruhanada-koz-zhumdy/