Қарағанды облысында 50 жолаушысы бар автобус жолдан шығып кетті (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Желіде Қарағанды облысында болған жол-көлік оқиғасы түсірілген видео тарады. Кадрға автобустың жолдан шығып кеткен сәті ілінген. Облыстық полиция департаменті жол апатына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қаңтарда Шахтинскіден шығар жолда автобус жүргізушісі көктайғақ және қарлы боран салдарынан рульді игере алмаған, нәтижесінде көлік жолдан шығып кеткен.
"Автобуста шамамен 50 жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ", - деп атап өтті Қарағанды облысының полиция департаменті өкілі.
Полиция қазіргі уақытта өңірде жол жүруге ауа райы қолайсыз екенін, атап айтқанда, қарлы боран, екпінді жел және көктайғақ болып тұрғанын ескертті.
Жүргізушілерге жылдамдық шегін, арақашықтықты сақтауға, кенеттен маневр жасамауға және мүмкіндігінше ұзақ сапарлардан бас тартуға кеңес беріледі.
"Жол қауіпсіздігі әр жолаушының жауапкершілігіне тікелей байланысты", - деді ведомство өкілі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2330367-qaragandy-oblysynda-50-zholaushysy-bar-avtobus-zholdan-shygyp-ketti-video/