jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Маңғыстау облысында 50 адам мінген автобус жол апатына ұшырады: қаза тапқандар бар

    жол апатына ұшыраған автобус
    Жол апатына ұшыраған автобус. Фото: Көлік министрлігі

    Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, тағы үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 16 қаңтарда шамамен сағат 01:03-те KZ-11 (Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау) автожолының 383-ші шақырымында Yutong маркалы жолаушылар автобусы жол апатына ұшыраған.

    Автобус 2025 жылғы 19 желтоқсанда техникалық байқаудан өткен және CASPIAN TRANS CORPORATION LLC компаниясында тіркелген.

    Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытында келе жатқан автокөлік жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен.

    Салдарынан оқиға орнында төрт жолаушы қайтыс болған, сондай-ақ әртүрлі дәрежеде жарақат алған тағы үш адам медициналық мекемелерге жеткізілген. Автобуста барлығы 50 адам болған.

    "Аталған автожол учаскесі техникалық II санатқа жатады. Жол жамылғысы асфальтбетонды, жолдың ені 9 метрді құрайды, жол жамылғысында ақаулар анықталған жоқ. Жол белгілері бекітілген дислокацияға сәйкес толық көлемде орнатылған. Оқиға тәуліктің қараңғы уақытында болған.

    Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік құралын 1985 жылы туған жүргізуші басқарған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы болған жерден шамамен 200 км бұрын екінші жүргізушіге ауысу жүзеге асырылған", - делінген хабарламада.

    Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Маңғыстау облыстық ПД барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

    Маңғыстау облысында 50 адам мінген автобус жол апатына ұшырады: қаза тапқандар бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.