Астанадан Қарағандыға барар жолда бірнеше көлік соқтығысты: 17 адам эвакуацияланды
Жарияланған күні:
Астана - Қарағанды тас жолында бірнеше көлік соқтығысқан. Салдарынан 17 жолаушы қолайсыз ауа райы жағдайында жолда қалып қойған. Құтқарушылар оларды эвакуациялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, 112 пультіне Астана - Қарағанды тас жолында ауа райының қолайсыздығынан көліктер соқтығысып, оның салдарынан адамдарға көмек қажет екені туралы хабарлама келіп түскен.
ТЖД бөлімшелерінің қызметкерлері оқиға орнына жетіп, Астана - Қарағанды тас жолында жол-көлік оқиғасынан бірнеше адам жолда қалып қойғанын анықтады.
"Құтқару операциясы барысында Жалтыркөл ауылының маңында қалған адамдар өтімділігі жоғары техникамен эвакуацияланды. Нәтижесінде 17 адам аман-есен Астанаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
ТЖМ тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты алыс жолға шықпауға, ауа райы болжамын бақылауға және SMS-хабарламаларды ескеруге кеңес береді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2352348-astanadan-qaragandyga-barar-zholda-birneshe-kolik-soqtygysty-17-adam-evakuatsiialandy/