jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Күйеуінің орнына көлік басқармақ болған әйел жаппай жол апатына түсті (видео)

    Жол апатынан кадр
    Жол апатынан кадр: Абай облыстық ПД

    Курчатовта бірнеше көліктің жол апатына түсу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Полиция мәліметінше, жол апатының туындауына жүргізуші куәлігі жоқ әйелдің әрекеттері себеп болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Абай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Курчатов қаласында жүргізуші куәлігі жоқ тұрғын жол-көлік оқиғасына тап болған.

    "Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әйел адам алкогольдік масаң күйде бола отырып, жұбайына тиесілі автокөлікті басқарған және тұрақта тұрған көліктерді соққан.

    Оқиғадан кейін қатысушылар медициналық мекемеге жеткізіліп, сараптамадан өтті. Сараптама қорытындысына сәйкес, әйел орташа дәрежеде мас күйде болған.

    Сонымен қатар көлік иесі — құқық бұзушының жұбайы да мас күйде болғаны және көлікті жүргізуші куәлігі жоқ адамға басқаруға бергені анықталды.

    Аталған факті бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар заңда белгіленген тәртіппен қарау үшін сотқа жолданды", - делінген департамент хабарламасында.

    Абырой болғанда, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

    ️Абай облысы Полиция департаменті мас күйде көлік жүргізу және рөлді жүргізуші куәлігі жоқ адамға беру — заңды өрескел бұзу болып саналатынын, мұндай әрекеттер ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

    Күйеуінің орнына көлік басқармақ болған әйел жаппай жол апатына түсті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.