jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбеде аяғы ауыр әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

    жол-көлік оқиғасы
    Жол-көлік оқиғасы. Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

    Ақтөбеде аяғы ауыр әйелді перзентханаға әкеле жатқан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Полиция департаментінің мәліметінше, Сәңкібай батыр даңғылында жедел жәрдем көлігі мен Toyota көлігі жол-көлік оқиғасына тап болды. Соқтығысу салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалған.

    Жедел жәрдем көлігінде болған адам ауруханаға жатқызылды.

    Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жолдарда өте абай болуға және арнайы шамдары мен дабылдары қосылған көліктерге жол беруге шақырды.

    Облыстық денсаулық сақтау департаментінің "Диапазон" басылымына берген мәліметінше, жол апаты кезінде бригада 39-аптадағы аяғы ауыр әйелді ауруханаға апара жатқан. Әйел жабық бас жарақатын алып, миы шайқалған. Ол дереу Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол қосымша тексеруден өтуде, дәрігерлер оның жағдайын бақылауда.

    Жедел жәрдем қызметкерлері ауыр жарақат алған жоқ. Олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, бақылауға алынды.

    Ақтөбеде аяғы ауыр әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.