jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыдағы әл-Фараби даңғылында автокөлік жол белгісінің тірегіне соғылды (видео)

    жол-көлік оқиғасы
    Жол-көлік оқиғасы. Видеодан кадр: instagram.com/sergek.kaz

    6 сәуірде Алматыдағы әл-Фараби даңғылында тағы бір жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полицияға сілтеме жасап.

    Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 5:46-да Медеу ауданында Hyundai автокөлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасына ұшырады.

    "Hyundai жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен батысқа қарай жүріп келе жатып, Мендіқұлов көшесінің қиылысында рульді игере алмай, оңға бұрылар кезде кедергіге, атап айтқанда, жол айырығының жолды бөліп тұрған тірегіне соғылды", - деп хабарлады ПД өкілдері.

    Полиция мәліметінше, апат салдарынан жүргізуші мен жолаушыға медициналық көмек қажет болды, ал көлікке механикалық зақым келген.

    Медеу аудандық полиция басқармасы апаттың мән-жайын анықтауда.

    Желіде оқиға орнында куәгерлердің түсірген видеосы жарияланды.

    Естеріңізге сала кетейік, 21 наурызда Алматыдағы әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты болды. Zeekr көлігі қарсы қозғалыс жолына шығып, Mercedes көлігімен соқтығысқан еді.

    Алматыдағы әл-Фараби даңғылында автокөлік жол белгісінің тірегіне соғылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram