jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Өскеменде жантүршігерлік жол апаты болды: екі көліктің де жүргізушісі қайтыс болды

    Өскемендегі жол апаты
    Өскемендегі жол апаты. Кадр видеодан: instagram.com/eastkazpolice

    Өскемен қаласында жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза болды. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты Малдыбаев көшесінде болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ШҚО ПД хабарлауынша, екі адамның қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

    "Алдын ала мәліметтер бойынша, 35 жастағы ер адам Honda Inspire маркалы автокөлікті айдап әкетіп, Малдыбаев көшесімен Аблакетка ауданынан қалаға қарай келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz автокөлігімен соқтығысқан.

    Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің жүргізушілері оқиға орнында қаза тапты. Ал Mercedes-Benz автокөлігінің жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

    Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ШҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы Арман Алтайбекұлы.

    Өскеменде жантүршігерлік жол апаты болды: екі көліктің де жүргізушісі қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.