jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Теміртауда жолаушылар автобусы бағанаға соғылды: зардап шеккендер бар (видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: instagram.com/temirtau.today

    Теміртаудағы көше қиылыстарының бірінде жол-көлік оқиғасы болды – жолаушылар автобусы бағанаға соғылды, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 23 сәуірде таңғы сағат 8:40 шамасында Металлург және Республика даңғылдарының қиылысында жол-көлік оқиғасы тіркелген.

    Алдын ала мәлімет бойынша №06 автобустың 45 жастағы жүргізуші рульді басқара алмай, жиектасқа, содан кейін бағдаршамның металл бағанасына соғылған.

    Жол апаты кезінде салонда шамамен 20 жолаушы болған. Төрт адам ауруханаға жеткізілген.

    Бұл факт полицияда тіркелген. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    Сондай-ақ желіде куәгерлер түсірген оқиға орнынан видео жарияланды.

    Теміртауда жолаушылар автобусы бағанаға соғылды: зардап шеккендер бар (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.