jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматы маңындағы тасжолда Camry жүргізушісі тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған (видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан скриншот: instagram.com/sergek.kaz

    Алматы маңында жол-көлік оқиғасы болды – жеңіл көлік тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 23 сәуірде шамамен сағат 23:55-те Алматы-Бішкек тасжолының 19-шақырымында болған.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry көлігінің 27 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған", - делінген полиция ұсынған ақпаратта.

    Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

    Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын мұқият, жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

    Сондай-ақ желіде куәгерлер түсірген оқиға орнынан кадрлар жарияланып жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram