jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Көкшетауда әйелді көлік басып кетті: оқиға видеоға түсіп қалған

    жол-көлік
    Жол-көлік оқиғасы. Видеодан кадр: t.me/kriminal_kazakhstan

    Көкшетауда әйелді көлік қағып кетті. Оқиға болған сәттен видео желіде тарады. Ақмола облыстық полиция департаменті өкілдері қылмыстық іс бойынша тергеу бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жантүршігерлік кадрлар Telegram желісіндегі бірнеше арнада жарияланды. Онда жолмен тротуарға қарай жүріп бара жатқан әйелді кенеттен көлік қағып, үстінен басып өткені байқалады.

    Видеодан көліктің жолаушы отыратын алдыңғы есігінен ер адам шығып, көліктің астына қарағанын, ал жүргізуші отыратын жағынан әйел адам шыққанын көруге болады. Ол да көліктен секіріп түсіп, көліктің айналасын қарай бастайды.

    Ақмола облыстық полиция департаменті өкілдері NUR.KZ тілшісіне жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

    "Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Тергеп-тексеру аясында оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті іс-шаралар қабыланып жатыр", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.

    Көкшетауда әйелді көлік басып кетті: оқиға видеоға түсіп қалған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.