jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    СҚО-да жол апатынан 50 жастағы әйел қаза тапты

    Жол апаты
    Жол апаты. Иллюстрациялық фото: Photo by Zaporizhzhia Regional Military Adm./Anadolu via Getty Images

    Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 50 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Соның салдарынан темір тұлпар аударылып, көлік ішінде болған 50 жастағы әйел ауыр жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды.

    Құзырлы орган өкілдерінің хабарлауынша, көлік иесі бұған дейін де жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда бұл жолы оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, қатаң жаза қолданылуы мүмкін.

    Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

    "Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, бірқатар қажетті сараптама тағайындалды. Аталған құқықбұзушылық Қазақстан қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сараланады. Бұл баптың санкциясы бойынша кінәлі деп танылған тұлға 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", — деп мәлімдеді СҚО полиция департаменті анықтау басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Темірбеков.

    Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда сақ болуға және жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырды.

    СҚО-да жол апатынан 50 жастағы әйел қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.