Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол апаты: басты сот талқылауы өтетін күн белгіленді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан қаза тапқан үш адамның өліміне қатысты іс бойынша басты сот талқылауы өтетін күн белгіленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бүгін Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осы іс бойынша алдын ала тыңдау өтті, онда тараптардың өтініштері тыңдалды.
Қорғаушы тарап айыпталушының сот процесіне видеоконференция арқылы қатысуы туралы өтініш білдірді. Сот өтінішті ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарды, айыпталушы жауап алу кезінде және тараптардың жарыссөзі кезінде сотқа келуі керек.
Сонымен қатар сот сотталушы мен жәбірленушілерді фотоға және видеоға түсіруге тыйым салу туралы өтінішті қанағаттандырды.
Басты сот талқылауы 1 маусымда өтеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2381817-almatydagy-al-farabi-danggylynda-bolgan-zhol-apaty-basty-sot-talqylauy-otetin-kun-belgilendi/