jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Арыста автокөлік үйдің қоршауына соғылып, бірнеше адамды қақты: қаза тапқандар арасында балалар бар

    Арыстағы оқиға
    Оқиға болған жер. Фото: t.me/kozachkow

    Желіде Түркістан облысында болған қайғылы жағдай туралы ақпарат тарады. Жазбада жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапқаны айтылған. Облыстық полиция департаменті жол апатына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Түркістан облысында – жантүршігерлік жағдай: Арыс қаласында көлік жүргізіп келе жатқан әйел жер үйдің қоршауына соғылған. Салдарынан қоршаудың алдындағы орындықта отырған үш адам қаза тапты, оның ішінде екі кішкентай бала бар. Қайтыс болған әйел жүкті болған. Тағы екі адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды", - деп жазған Telegram-дағы Kozachkov оffside арнасы.

    Жазбада көлікті мектепте жұмыс істейтін 52 жастағы әйел жүргізгенін және ол бос уақытында такси қызметін көрсететіні айтылған.

    Түркістан облысының полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, Арыс қаласында JAC көлігінің жүргізушісі мас күйде бірнеше адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

    Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

    Жол-көлік оқиғасынан үш адам, оның ішінде екі бала, оқиға болған жерде қаза тапты. Тағы екі зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, онда оларға қажетті көмек көрсетілуде.

    Жедел тергеу тобы қазіргі уақытта мән-жайды жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті шараларды қабылдап, жүргізуде. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

    Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

    Арыста автокөлік үйдің қоршауына соғылып, бірнеше адамды қақты: қаза тапқандар арасында балалар бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.