jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтөбе облысында ірі жол апатынан екі адам қаза тауып, сегіз адам зардап шекті

    Жол апаты
    Жол апаты болған жер. Видеодан кадр: КТК

    Ақтөбе – Астрахань республикалық маңызы бар автожолында екі адам мерт болып, сегіз адам зардап шеккен ірі жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Агенттіктің жазуынша, жол-көлік оқиғасы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы маңында болған.

    DAF маркалы жүк көлігі Toyota Camry маркалы екі жеңіл автокөлікпен соқтығысып, жеңіл көліктің бірі сол жерде өртенген.

    Ақтөбе облыстық ПД-ның мәліметінше, жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапқан. Сондай-ақ түрлі дене жарақатын алған сегіз адам Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілген.

    Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазіргі уақытта жол апатына қатысты барлық мән-жай мен себебі анықталып жатыр.

    Ақтөбе облысында ірі жол апатынан екі адам қаза тауып, сегіз адам зардап шекті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.