Ақмола облысында жол апатынан бес адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Кеше Ақмола облысындағы Астана-Қорғалжын тас жолында қайғылы жағдай тіркелді: үш көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жол апаты туралы ақпарат Instagram желісіндегі 716.kz парақшасында жарияланды. Қайғылы оқиға жексенбі түстен кейін болған. Салдарынан бірнеше адам қаза тауып, жарақат алғаны жазылған.
Облыстық полиция оқиғаның мән-жайын айтты. Ведомство мәліметінше, 21 маусымда Астана-Қорғалжын тас жолында Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser көліктері соқтығысқан.
Соқтығысу салдарынан екі Toyota көлігі өртенді.
"Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан бес адам қаза тапты, тағы бес адам әртүрлі жарақатпен ауруханаларға жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Апаттың барлық мән-жайы анықталуда", - деді полиция департаменті өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2391286-aqmola-oblysynda-zhol-apatynan-bes-adam-qaza-tapty/