Алматыдағы автобус апаты: автобус жүргізушісі рөлде көз жұмды
Жарияланған күні:
Алматыда жолаушылар автобусы қатысқан қайғылы жол апаты болды. Жүргізуші рөлде отырып көз жұмғаны белгілі болды. Оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматыда қоғамдық көлік қатысқан адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, №131 бағыттағы автобус Жетісу ауданында Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota автокөліктерімен соқтығысқан.
Полицияның хабарлауынша, қозғалыс кезінде автобус жүргізушісінің кенеттен денсаулығы сыр берген. Соның салдарынан ол көлікті басқара алмай қалған.
"Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі көз жұмды. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері апаттың нақты себептерін анықтауға мүмкіндік береді", - деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2391699-almatydagy-avtobus-apaty-avtobus-zhurgizushisi-rolde-otyryp-koz-zhumdy/