Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Алматы облысындағы тасжолда екі көлік соқтығысып, салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған мәлімет бойынша, жол апаты 23 маусымда Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 132-шақырымында болған.
"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Haval автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынған.
Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2392378-almaty-oblysynda-zhanturshigerlik-zhol-apatynan-ush-adam-qaza-tapty/