Павлодар маңында тікұшақ апатты жағдайда қонды: жаңа деректер айтылды
Жарияланған күні:
ТЖД "Қазавиаспас" тікұшағына қатысты жайт бойынша оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ТЖД ресми өкілі Динара Нұрғалиева Павлодар облысындағы іздеу-құтқару жұмыстары кезінде тікұшақтың апатты жағдайда қонуына қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, "Қасавиаспас" АҚ тікұшағы Байдалы ауылынан бірнеше километр жерге барып қонуға мәжбүр болған.
"Әуе кемесі 1950 жылы туған ер адамды іздеу-құтқару жөніндегі операцияларға қатысу үшін іске қосылған. Алдын ала ақпарат бойынша, балық аулауға кеткен ер адам мотоциклмен аударылып, аяғынан жарақат алған. Одан соң көмек сұрап, құтқарушыларға жүгінген.
Іздеу жұмыстары бір тәулікке созылған және жердегі күштер мен еріктілер жұмылдырылған. Нәтижесінде ер адам табылды. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ", - деді ол.
ТЖД дерегінше, түкұшақ бортында құтқарушылар мен экипаж мүшелері болған. Барлығы тірі, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2392828-pavlodar-mangynda-tikushaq-apatty-zhagdaida-qondy-zhanga-derekter-aityldy/