jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматы-Өскемен тасжолында болған жол апатынан бес адам қаза тапты

    Жол апаты
    Жол апаты. Видеодан кадр: instagram.com/krisp.tdk

    Жетісу облысында Алматы-Өскемен тасжолында болған жол-көлік оқиғасынан бес адам қаза тапты. Зардап шеккен тағы екі адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды өңірлік ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 маусымда кешке Алматы-Өскемен тасжолының 432-шақырымында екі көлік соқтығысып, салдарынан екі көліктің жүргізушілері және үш жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.

    "Тағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді", - делінген Жетісу облыстық ПД ұсынған ақпаратта.

    Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы мен себебін жан-жақты анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

    Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, жылдамдық режимін дұрыс таңдауға, арақашықтықты сақтауға және рульде барынша мұқият болуға шақырады.

    Алматы-Өскемен тасжолында болған жол апатынан бес адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.