Бурабайда квадроцикл аударылып, жас қыз мерт болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақмола облысы Бурабай ауданында 22 жастағы Астана тұрғыны квадроцикл апатынан көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
"Алдын ала мәлімет бойынша, 7 шілдеде 22 жастағы Мәскеу тұрғыны Зеленый Бор мен Бурабай ауылдары арасындағы жол учаскесінде квадроцикл жүргізіп келе жатып, рульге ие бола алмай, аударылған. Ол алған жарақатыан оқиға орнында қайтыс болған", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.
Квадроцикл жолаушысы (Астана тұрғыны, 2007 жылы туған) медициналық көмекке жүгінді.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, соның ішінде квадроциклдерді жалға беру дүкенінің жұмысын, жабдықты жалға алу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын және қайғылы оқиғаға әкеп соққан басқа да ықтимал себептерді тексеруде.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2397203-burabaida-kvadrotsikl-audarylyp-zhas-qyz-mert-boldy/