jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Бір айда бес ота": жүк көлігінің астында қалған оралдық бойжеткен әділдік іздеп, жанайқайын жеткізді

    Жәбірленуші тарап
    Жәбірленуші тарап. Фото: "Астана" телеарнасы

    Оқыста жол апатына ұшырап, мүгедек болып қалған оралдық Сабина Ищанова әділдік іздеп жүр. Ауыр жүк көлігінің астында қалған қыз бұл жайтқа жүргізушіні кінәлайды. Бірақ көлік иесі рақымшылыққа ілігіп, жазасы жеңілдеген. Көптеген ауыр отаны басташ кешірген бойжеткен кінәлі адам әділ жазасын алсын дейді. Қазіргі таңда жәбірленуші тарап аппеляциялық сотқа шағымданды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

    Сабинаның емтиханнан шыққан сәті таспаға кездейсоқ түсіп қалыпты. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда, оны ауыр жүк көлігі жылдамдығын тоқтатпастан, басып өткен.

    Алғашында дәрігерлер қыздың екі аяғын да кесеміз депті. Кейін тәуекел етіп шашылған сүйектерін қайта жинап шыққан. Бірақ Сабинаның өздігінен жүріп-тұруы әлі қиын.

    "Жанашырлық таныттым, бірақ ойланып келгенде ол адам мені аяған жоқ және кешірім де сұраған жоқ. Реанимацияда жатқан кезде күн сайын дәрігерлерден мені өлтіруді сұрайтын едім. Менің өмір сүргім келген жоқ. Күнде наркоз алдым перевязка үшін және бес операция өтті менде бір айдың ішінде. Қандай компенсация төленсе де, ештеме мені аяғымды қайтарып бермейді бұрынғы кезіме", - дейді Сабина Ищанова.

    Сабина ауыр халде жатқасын, сот онлайн форматта өткізіліп, жүргізуші екі жылға сотталған. Бірақ көп кешікпей рақымшылыққа ілігеді. Жазадан осылай құтылған ол өтемақыға небары 43 мың теңге төлепті. Қыздың туыстары мұнымен келіспейді.

    "Судья біздің талабымызды ескермей кері қайтарумен болды. Материалдық, моральдық шығынды төлеуді талап еткенімізді де ескермеді. Болған оқиғаны нақтылау үшін ашық тергеу жүргізуді де сұрадық. Оны да қанағаттандырмады. Талабымыз - жүргізуші тиісті жазасын алсын!", - дейді жәбірленушінің туысы Балжан Ищанова.

    Сот бұған қатысты телеарнаға ақпарат беруден бас тартты. Айтуынша, нақты шешім апелляциялық сот отырысында шығарылады.

    "Заң бабымен оны жүргізушілік куәлігінен үш жылға айыруға болар еді. Әрі көлік иесі денсаулыққа ауыр залал келтіргені үшін жауап беріп, шығынын мойнына алуға тиіс. Себебі жәбірленушінің денсаулығы қалпына келер-келмесі белгісіз", - дейді Адам құқықтары жөніндегі халықаралық қазақстандық бюроның БҚОФ директоры Павел Кочетков.

    Сабинаның ендігі арманы - аяғының жыртылған терісін қалпына келтіру үшін Оңтүстік Кореяда пластикалық операция жасату. Бұған кемі 20 миллион теңге керек. Алайда емі мен күтіміне дәрі таппай қиналып жүрген қызда мұндай қаржы жоқ.

    "Бір айда бес ота": жүк көлігінің астында қалған оралдық бойжеткен әділдік іздеп, жанайқайын жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.