jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астана - Петропавл тасжолында автокөлік өртенді: қаза тапқандар бар

    жол-көлік оқиғасы
    Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/astanovka98

    Желіде жол-көлік оқиғасы болған жерде түсірілген видео тарады. Онда Астана - Бурабай тасжолында автокөлік өртеніп, адамдар қаза тапқаны айтылған. Ақмола облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция Бұланды ауданындағы Жаңаталап ауылы тұсындағы Астана - Петропавл тасжолында автокөліктің өртенуіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

    "Жол-көлік оқиғасы болған жерде полиция мен төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қаза тапқандар бар, олардың кім екені анықталуда.

    Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаменті өкілдері.

    Ведомство өкілдері қазақстандықтарды тексерілмеген ақпаратты таратудан аулақ болуға, тергеудің ресми нәтижелерін күтуге шақырды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram