jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Жолындағыны қиратқан": полиция Есентай өзені маңында заң бұзған көлік жүргізушісін ұстады (видео)

    Заң бұзған көлік жүргізушісі
    Заң бұзған көлік жүргізушісі. Кадр видеодан: instagram.com/almatynews_kaz

    Алматыда Есентай жағасында көлігімен заң бұзған автокөлік видеоға түсіп қалды. Полиция көлік жүргізушісін тауып, жазаға тартуға уәде берді, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Instagram желісіндегі almatynews_kaz паблигінде Есентай өзенінің жағасында жүрген автокөліктің видеосы жарияланды. Кадрлардан артқа қарай жүрген көлік жарық бағанасына зақым келтіргенін көруге болады.

    Куәгерлердің сөзінше, көлік жүргізушісі жағажай аумағында ақылға қонымсыз әрекеттер жасаған. Бұл жарияланымға Алматы полиция департаменті өкілдері пікір білдірді.

    "Аталған дерек бойынша Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі ҚР заңнамасына сай жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.

    "Жолындағыны қиратқан": полиция Есентай өзені маңында заң бұзған көлік жүргізушісін ұстады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.