Түркістан облысында жол апатынан 7 адам оқиға орнында қайтыс болды
Жарияланған күні:
Түркістан облысында жеті адам жол апатынан көз жұмды. Полиция мәліметінше, олар отырған көлік жанып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Бәйдібек ауданындағы Шаян-Екпінді автожолында түнгі уақытта болған.
Toyota Camry және Volkswagen Passat автокөліктері соқтығысып, жеті адам оқиға орнында көз жұмды. Полиция мәліметінше, жол апатына түскендер жанып кеткен. Олардың алтауы бір ауылдың тұрғыны болуы мүмкін.
Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Тас жолдың осы тұсында екі жыл бұрын да жол апаты болып, он адам өртеніп кеткен. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол жүру ережесін қатаң сақтауға шақырады.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2401121-turkistan-oblysynda-zhol-apatynan-7-adam-oqiga-ornynda-qaitys-boldy/