jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада көлік дүкенге соғылды: дәрігерлер 15 жастағы қыздың жағдайын айтты

    Дәрігер
    Дәрігер. Иллюстрациялық фото: kokoroyuki / Getty Images

    Астанада көкөніс дүкеніне жеңіл көлік соғылып, салдарынан15 жастағы оқушы қыз зардап шеккен еді. Дәрігерлер қыздың қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Астанада көлік көкөніс дүкеніне соғылып, салдарынан 15 жастағы оқушы қыз зардап шеккен еді. әлі де ауруханада жатыр. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы оның жағдайы туралы айтты.

    "Қыз анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты. Оны бейінді бөлімшеге ауыстыруға дайындап жатырмыз", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

    Айта кетейік, жол-көлік оқиғасынан кейін зардап шеккен қыз медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

    Еске сала кетейік, оқиға кеше Астанада болған. Онда 18 жастағы Hyundai Accent жүргізушісі көкөніс дүкеніне кіріп кеткен еді. Оқиға кезінде оқушы қыз сауда павильонының ішінде болған.

    Астанада көлік дүкенге соғылды: дәрігерлер 15 жастағы қыздың жағдайын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.