Алматыда ауыр жүк көлігі бетон қоршауға соғылды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда бейнебақылау камералары Shacman ауыр жүк көлігінің бетон қоршауға соғылған сәтін түсіріп алды. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматыда бейнебақылау камералары жүк көлігі апатқа ұшыраған сәтті тіркеді. Жол-көлік оқиғасы Әуезов ауданындағы Сайын көшесінде, Абай даңғылының жол өтпесінің астында болды.
"Алдын ала мәлімет бойынша, Shacman жүк көлігінің жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатып, көлікті басқара алмай, бетон қоршауға соғылған", - делінген хабарламада.
Қатты соққы салдарынан жүк көлігінің кабинасы қатты зақымданды.
"Абырой болғанда, жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ", - деп толықтырды полиция департаменті.
Апат дерегі бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды.
Полиция жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, жол жағдайын ескеру және рөлде мұқият болу қажеттігін еске салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2404208-almatyda-auyr-zhuk-koligi-beton-qorshauga-sogyldy-video/
