jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда "Гелендваген" мен Mercedes көліктері соқтығысып, екі қыз қаза тапты (фото)

    Жол апаты
    Жол апаты. Фото: Zakon.kz

    Өткен түні Алматының Алатау ауданында қайғылы оқиға болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жол-көлік оқиғасы бүгін, 27 шілдеде, сағат 03:10-да оңтүстік астананың Алатау ауданында болған.

    Алдын ала мәліметтер бойынша, Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатқан Suzuki көлігінің жүргізушісі Шәріпов көшесінің қиылысында кері бұрылмақ болған кезде Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан.

    Жол апаты
    Жол апаты. Фото: Zakon.kz

    Жол апаты салдарынан Suzuki көлігінің жүргізушісі мен оның бір жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.

    Suzuki көлігінің тағы бір жолаушысы мен Mercedes жүргізушісі әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген.

    "Екі адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

    Жол апаты
    Жол апаты. Фото: Zakon.kz

    Алматыда "Гелендваген" мен Mercedes көліктері соқтығысып, екі қыз қаза тапты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.