jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Щучинск - Астана тасжолындағы жантүршігерлік жол апатынан екі адам мерт болды

    Жол апаты болған жер
    Жол апаты болған жер. Видеодан кадр: instagram.com/shchuchinsk_life2

    Ақмола облысында Щучинск - Астана тасжолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды өңірлік ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 28 шілдеде сағат 15:00 шамасында Астана - Петропавл автожолының 157-шақырымында, Бұланды ауданы аумағында Audi Q8 жеңіл көлігі мен MAN жүк көлігі соқтығысқан.

    "Алдын ала мәліметтер бойынша, Көкшетау бағытында келе жатқан Audi Q8 жүргізушісі жол жұмыстарын жүргізіп жатқан жүк көлігімен соқтығысқан.

    Жол апаты салдарынан Audi Q8 жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Тағы бір жолаушы әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады ведомстводан.

    Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалған. Жол апатының мән-жайы мен себептері анықталуда.

    Щучинск - Астана тасжолындағы жантүршігерлік жол апатынан екі адам мерт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.