jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда жүк көлігі автобусқа соғылды

    Автобус
    Автобус. Кадр: zakon.kz / "Астана" арнасы

    Алматыда жүк көлігі рұқсат етілмеген жерден кері бұрылмақ болып, жолаушылар автобусымен соқтығысты, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Қарсы бағыттағы автобус жолағына шыққан жүк көлігінің жүргізушісі апатқа себеп болған. Қоғамдық көлік жүргізушісі тежегіш басып, соқтығыстың алдын алуға тырысқанымен, оны болдырмау мүмкін болмаған. Соққыдан автобустың бірнеше терезесі сынып, салонға әйнек сынықтары шашылған. Ішіндегі бес жолаушының біреуі жеңіл жарақат алды.

    Жол-көлік оқиғасына қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр. Ал жүк көлігінің жүргізушісі автобусты байқамай қалғанын айтқан.

    "Қазіргі таңда аталмыш дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізуде. Әкімшілік кодекстің баптары бойынша жауапкершілікке тартылады. Өйткені жолаушы ауыр емес жарақаттар алды. Яғни бұл әкімшілік заңнама тұрғысында тергелетін іс болады", - дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

    Алматыда жүк көлігі автобусқа соғылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.