jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Жағы сынып, тісі түскен": Ақтөбеде 12 жасар қызды жарақаттаған тұрғын ұсталды

    Электровелосипед жүргізушісі
    Электровелосипед жүргізушісі. Фото: Ақтөбе облысы ПД

    Ақтөбеде полицейлер 12 жасар қыз жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алғаннан кейін электровелосипед жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік ПД-ға сілтеме жасап.

    Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, 30 шілдеде Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылында электровелосипед жүргізушісі мен велосипед теуіп жүрген кәмелетке толмаған қыз жол-көлік оқиғасына тап болған.

    Алдын ала болжам бойынша, электровелосипед жүргізушісі велосипед теуіп жүрген қызды қағып кеткен.

    Оқиғадан кейін ер адам зардап шеккен қызға көмек көрсетпей, оқиға орнынан бой тасалаған. Жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған қыз дене жарақатын алды.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері электровелосипед жүргізушісінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Ол Ақтөбе қаласының 58 жастағы тұрғыны болып шықты.

    Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу нәтижесі бойынша Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде 12 жасар қызды қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған велокурьердің іздестіріліп жатқаны белгілі болған еді. Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, қызы жедел жәрдеммен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оған үстіңгі жақ пен бет сүйегінің сынуы диагнозын қойған, сондай-ақ қыздың алдыңғы тістері түсіп қалған.

    "Жағы сынып, тісі түскен": Ақтөбеде 12 жасар қызды жарақаттаған тұрғын ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.