Ақтөбеде көлік қаққан 11 жасар оқушы комада жатыр
Жарияланған күні:

Ақтөбеде көлік қаққан 11 жасар оқушы комада жатыр. Дәрігерлер жағдайы тым ауыр екенін айтады. Ақ халаттылар бүлдіршіннің өмірі үшін күресуде, деп хабарлайды "КТК" арнасы.
"Қызым көшеге дүкенге шыққан. Күн сайын өзі барып жүрген жері. Қысқа көшеде қатты жылдамдықпен келіп қаққан. Оқиға болған кезде кептелісте он шақты көлік те тұрған", - дейді Светлана Розбах.
Ол қызының апаттан соң ессіз жатқанын көршілерінен білген. Анасы оқиға орнына жедел жәрдем баласын алып кетіп бара жатқанда жеткен. Ал қаққан көлік жүргізушісі "сағатына қырық шақырым жылдамдықпен жүрдім, оқушының өзі жүгіріп шықты" деп ақталған.
Жол-көлік оқиғасына қатысты полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. 11 жасар оқушыны Chevrolet Cobalt автокөлігі қағып кеткен. Тергеу аясында жол апатының нақты мән-жайы, жүргізушінің жылдамдық режимін сақтаған-сақтамағаны және жаяу жүргіншінің жолға шығу жағдайы анықталуда.
"Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі Ембі көшесімен келе жатып, жолды белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған қызды қағып кетеді. Жол-көлік оқиғасынан қыз ауруханаға жеткізілді. Қазір осы оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде", - дейді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Дереккөз: "КТК" арнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2408903-aqtobede-kolik-qaqqan-11-zhasar-oqushy-komada-zhatyr/
