Қостанай облысындағы ауылда адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қостанай облысы Әулиекөл ауылында көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті, салдарынан ол мерт болды, деп хабарлайды Қостанай облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қостанай облыстық ПД бастығының орынбасары Ерлан Сералиннің айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша, "ВАЗ-21099" көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен, салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болған.
Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2409169-qostanai-oblysyndagy-auylda-adam-olimine-akep-soqqan-zhol-kolik-oqigasy-boldy/
