jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда наурызда жол апатынан қаза тапқан қыздың әкесі қайтадан 100 млн теңге талап етті

    Әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы
    Әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы. Фото: t.me/prokadrykz

    Алматы қалалық соты биыл наурызда Әл-Фараби даңғылында болған қайғылы жол-көлік оқиғасына қатысты апелляциялық шағымды қарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Шағым 2026 жылдың 5 тамызында қаралып, сол күні қаулы шығарылды. Апелляциялық шағымды жәбірленуші тарап – апат салдарынан қаза тапқан жолаушылардың бірінің әкесі бергені белгілі болды.

    Сот кабинетіндегі ашық дереккөздерде жарияланған іс материалдарына сәйкес, шағым тек азаматтық талапты шешу үшін берілген. Жәбірленуші сотталған адамнан моральдық шығын ретінде 100 млн теңге өндіріп алуды сұраған.

    Қаулыда бірінші сатыдағы соттың сотталушының кінәсі, оның әрекетін саралау және тағайындалған жазаға қатысты тұжырымдарына жәбірленуші тараптан қарсылық жоқ екені атап өтілген. Сонымен қатар сотталушының адвокаты шағымға қарсылық білдірген.

    Сот өз кезегінде Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырып, жәбірленуші мен оның адвокатының апелляциялық шағымын қанағаттандырмау туралы шешім қабылдады.

    Еске сала кетейік, биыл 22 маусымда Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты сот үкімі шықты. Zeekr жүргізушісі кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Алматыда наурызда жол апатынан қаза тапқан қыздың әкесі қайтадан 100 млн теңге талап етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.