jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қалғып кеткен: Алматыда жеңіл көлік тоқтап тұрған жүк көлігімен соқтығысты

    оқиға орнынан кадр
    Оқиға орнынан фото: Zakon.kz

    7 тамыз таңғы уақытта Алматыда жол-көлік оқиғасы тіркелді – Hyundai маркалы автокөлік тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Оқиға бүгін таңғы сағат 04:50-де Алатау ауданында болды. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Hyundai жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Сол сәтте ол көлікті басқара алмай, тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған.

    Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті: Hyundai жүргізушісі мен жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.

    Апат болған сәтте жүк көлігінің жүргізушісі көлікте болмаған.

    Оқиғаның мән-жайын аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

    Zakon.kz мәліметінше, жеңіл көліктің жүргізушісі рульде қалғып кеткенін, соққыдан оянғанын айтқан.

    Қалғып кеткен: Алматыда жеңіл көлік тоқтап тұрған жүк көлігімен соқтығысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.