jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбеде мотоциклші жүк көлігімен соқтығысып, оқиға болған жерде жан тапсырды (видео)

    жол апаты
    Жол апаты. Видеодан кадр: instagram.com/info_aqtobe

    Ақтөбеде мотоциклші жүк көлігінің астына түсіп көз жұмды – оқиға кеше кешке болған. Облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қайғылы оқиға туралы ақпарат Instagram-дағы info_aqtobe парақшасында жарияланды. Оқиға орнында түсірілген кадрлар көрсетілді.

    Өңірдегі полиция департаментінің мәліметінше, 312-ші Атқыштар дивизиясы даңғылында жүк көлігі мен мотоцикл жол-көлік оқиғасына тап болған.

    Жол апаты салдарынан мотоциклші жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

    "Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

    Жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    "Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардың бәрін жол ережесін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға және жолда барынша мұқият болуға шақырадыә, - деді тәртіп сақшылары.

    Ақтөбеде мотоциклші жүк көлігімен соқтығысып, оқиға болған жерде жан тапсырды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.