jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астана-Петропавл тасжолында жол апатынан екі адам қаза тауып, сегіз адам зардап шекті

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/kokshetau_mir

    Ақмола облысында шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысты – қаза болғандар мен зардап шеккендер бар, деп хабарлайды өңірлік ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше, 10 тамызда Астана-Петропавл автожолының 97-шақырымында болған. Жол апатына Mercedes-Benz Sprinter және ГАЗ 53 көліктері ұшыраған.

    "Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-Benz Sprinter көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сол көліктің жеті жолаушысы мен ГАЗ 53 көлігінің бір жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді", - деп нақтылады полиция.

    Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

    "Mercedes-Benz Sprinter көлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп қосты облыстық ПД өкілдері.

    Әлеуметтік желілерде оқиға куәгерлері түсірген видео жарияланды.

    Астана-Петропавл тасжолында жол апатынан екі адам қаза тауып, сегіз адам зардап шекті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram