Атырау облысында ер адамды пойыз қағып кетті
Жарияланған күні:

Атырау облысы Исатай ауданында пойыз қаққан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Ақжайық.
Басылымның хабарлауынша, қайғылы жағдай 13 тамызда түнгі сағат екілер шамасында Аққыстау ауылында болған.
Пойыз соқтығысқаннан кейін тоқтап, учаскедегі қозғалыс біраз уақытқа жабылды.
Көліктегі полиция департаменті басылымға хабарлағандай, оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігіндегі қозғалыс немесе пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2412977-atyrau-oblysynda-er-adamdy-poiyz-qagyp-ketti/
